Sonicare HX6871/47 Bedienungsanleitung Seite 229

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 244
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 228
- Тіс щеткасын қолданар алдында, егер сіз 2 ай шамасында жақ
сүйекке, бетіңізге немесе тіс етіне операция жасаған болсаңыз,
дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
- Егер осы тіс щетканы қолданған соң шамадан тыс қанау орын
алса, немесе 1 апта пайдаланған соң қанау жалғаса берсе, тіс
дәрігеріңізбен кеңесіңіз. Сондай-ақ, Philips Sonicare щеткасын
пайдаланғанда қолайсыздықты немесе ауырсынуды сезінсеңіз, тіс
дәрігерінен кеңес алыңыз.
- Philips Sonicare тіс щеткасы электромагниттік құрылғыларға
арналған қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді. Егер сізде
кардиостимулятор немесе басқа импланттық құрылғылар болса,
пайдаланар алдында дәрігеріңізге немесе имплант құрылғысын
өндірушіге хабарласыңыз.
- Егер сізде медициналық проблемалар болса, Philips Sonicare
құрылғысын пайдаланар алдында дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
- Бұл құрылғы тек тістер, қызыл иектер мен тілді тазалауға
арналған. Оны басқа мақсатпен қолдануға болмайды.
Қолайсыздық немесе ауырсыну сезінсеңіз, құрылғыны қолдануды
тоқтатып, дәрігерге хабарласыңыз.
- Philips Sonicare тіс щеткасы — жеке күтім құрылғысы және
стоматологиялық жұмыста немесе мекемеде көптеген
емделушілерге қолдануға арналмаған.
- Қылшықтары жаншылған немесе майысқан щетка басын
қолданбаңыз. Щетка басын 3 ай сайын немесе тозу белгілері
байқалса, одан да ертерек ауыстырыңыз. Өндірушінің ұсынған
щетка басынан басқа щетка бастарын қолдануға болмайды.
- Егер тіс пастаңызда пероксид, ас немесе екі көмір қышқылды
содасы (ағартатын тіс пасталарында көбіне кездеседі) болса,
щетка басын әрбір пайдаланған соң сабындап, сумен мұқият
тазалаңыз. Бұл пластиктің шытынауынан қорғайды.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге қатысты барлық
қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Радио жабдығының директивасы
- Осы өнімдегі радио жабдығы 13,56 МГц жиілікте басқарылады
229
Қазақша
Seitenansicht 228
1 2 ... 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 ... 243 244

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare